Абырой болғанда ұшақ сәтті қонған, бірақ бір бөлшегін ауыстыруға тура келген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Салдарынан кері рейстің бірнеше сағатқа кешіккені белгілі болды. Жолаушыларға тамақ беріліп, қонақүйге орналастырылған.
Бұл ақпаратты Scat әуе компаниясы растап отыр. Олардың сөзінше, әуе компаниясы құстардың қозғалысын бақылай алмайды.
– Құстың ұшаққа соғылуына байланысты әуе кемесінің бір бөлшегін ауыстыру қажет болды. Осыған байланысты "Астана – Шымкент" бағыты бойынша ұшуы тиіс жолаушылар үшін уақытша кідіріс туындады. Күту кезеңінде жолаушыларға қонақүйден орналастыру ұсынылып, терминалда тамақтану ұйымдастырылды. Әуе компаниясы құстардың қозғалысын бақылауға ала алмайды. Мұндай жағдайларға байланысты рейстер кестесінің өзгеруін түсіністікпен қабылдауларыңызды сұраймыз, – деп хабарлаған компания өкілдері.