Қазақстандық ұшақ құстармен соқтығысып қалды

Мұндай мәліметті әуе компаниясының баспасөз қызметі растап отыр.  

Қазақстандық ұшақ құстармен соқтығысып қалды Фото: inbusiness.kz

Борт бүгін таң атысымен елордаға қарай бет алуы керек еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша Air Astana әуе компаниясының Алматыдан Астанаға бағыт алған ұшаққа құстар соғылып, рейс кешіктірілген. 

– 14 тамызда КС 621 Алматы – Астана рейсі КС 622 Астана – Алматы рейсі құспен соқтығысқан іздердің анықталуына байланысты кешігіп жатыр, – делінген Air Astana компаниясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Айта кетейік, 2025 жыл басталған уақытта Орал – Астана бағытымен ұшқан FlyArystan ұшағы да құстармен соқтығысып қалған болатын. Десе де, ұшақ жүйелері мен қозғалтқыштарының жұмысында ешқандай ақау не өзгеріс байқалмағандықтан, экипаж ұшуды жалғастырған-ды. Абырой болғанда, әуе кемесі Астана қаласының әуежайына штаттық режимде қонған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу