Қазақстандық жеңіл атлет Азия біріншілігінің алтын жүлдесін жеңіп алды

835

Қазақстандық жеңіл атлет Азия біріншілігінің алтын жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық жеңіл атлет Татьяна Нерознак жабық кешенде өтіп жатқан Азия біріншілігінің алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін Иранның Теһран қаласында жабық кешендегі Азия чемпионаты басталды. Қазақстан атынан бұл дүбірлі додаға 25 жеңіл атлет қатысады. 
Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан қоржынына Татьяна Нерознак алтын жүлде салды. Ол үш мың метрге жүгіруден топ жарды. 
Бәсекенің финалдық кезеңінде ол екінші келген қырғызстандық Гульшана Сатаровадан (9.48.03) 15 секундқа озып кетті. Бұл сайыста үздік үштікті вьетнамдық Тхи Оан Нгуен (9.48.48) түйіндеді. 
Бұл Қазақстан құрамасының екінші жүлдесі. Бұған дейін биіктікке секіру бәсекесінде Надежда Дубовицкая қоржынымызға қола жүлде салған еді. 
Еске салайық, Өскемен қаласында өткен Қазақстан біріншілігінде Нерознак үш мың метрге жүгіруден 35 жыл бойы сақталып тұрған рекордтың мұртын бұзған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу