Atameken Business channel журналистері Бельгияда тағылымдамадан өтеді

881

Atameken Business channel журналистері Бельгияда тағылымдамадан өтеді

"Еуроодақ - Қазақстан: серіктестік пен ынтымақтастықтың 25 жылдығы" атты байқаудың қорытындысы жарияланды.

Байқау қорытындысы бойынша үздік алты жеңімпаз Брюссельдегі ЕО институттары мен медиа-пулын зерттеуге арналған бір апталық тағылымдамадан өтеді.

Байқауға журналистердің Еуропалық одақ пен Қазақстан ынтымақтастығының өзекті тақырыптарына арналған жұмыстары қабылданды.

Байқаудың алты жеңімпазы Брюссель қаласына (Бельгия) барады. Жеңімпаздар арасында Арсен Асқаров ( "КазТАГ" халықаралық агенттігі, Астана), Ольга Асхожина  (Астана радиосы, Астана), Орынгүл Бектілеуова ("Қазақстан" РТРК Атыраудағы филиалы), Ерболат Мұхамеджан ("Atameken Business channel"ЖШС, Астана), Данил Москаленко ("Atameken Business channel" ЖШС, Астана), Гүлнар Тәжиева ("Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газеті, Алматы) бар.

Байқау Еуропалық одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастарды кеңейтуге және нығайтуға, Қазақстанның медиа кеңістігінде Еуропалық одақ туралы ашық диалогты қалыптастыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу