Бишімбаев сотына журналистер кіргізілмеді

1891

Олар үшін сот залынан тікелей эфир ұйымдастырылды. 

Бишімбаев сотына журналистер кіргізілмеді Фото: inbusiness.kz

Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот отырысына Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев әкелінді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Экс-министрдің ісі бойынша тыңдауды судья Айжан Құлбаева жүргізеді. Айыптаушы жақ қазір Бишімбаетың қандай баптар бойынша айыпталып жатқанын оқыды.

Отырыс алдында залға екі мемлекеттік айыптаушы, қаза тапқан Салтанат Нүкенованың туыстары, Бишімбаевтың ата-анасы, сондай-ақ олардың қорғаушылары қатысып жатыр.

Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, 9 қараша күні ұсталғанын еске саламыз. Қайғылы оқиға Bau мейрамханасында болды. 8 қаңтар күні Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталғаны хабарланды. 11 қаңтарда елордалық сотта оның қамауға алынуы 9 наурызға дейін ұзартылғаны туралы хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу