Қазақстандық жүзгіштер жүлделі орыннан көрінді

1259

Қазақстандық жүзгіштер жүлделі орыннан көрінді

Францияның Шартр қаласында суда жүзуден елдің ашық чемпионаты өтіп жатыр. Аталған сынға Әділбек Мусин, Әділ Қасқабай мен Айбек Қамзенов қатысуда, деп хабарлайды olympic.kz.

Алғашқы жарыс күнінде Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үшінші орын алды. Ол осы қашықтықтағы әлем рекордшысы, украиналық Андрей Говоров пен бразилиялық спринтер Педро Виейраға ғана жол берді. Ал Айбек Қамзенов 50 метрге брасс әдісімен жүзуде алтыншы нәтиже көрсетті. 

Еске сала кетейік, Дмитрий Баландин бастаған ұлттық құраманың өзге мүшелері Словенияның Марибор қаласында жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу