Қазақстандықтар 26 елде мүлік иесі атанған

931

Қазақстандықтар 26 елде мүлік иесі атанған

Қазақстан Республикасының азаматтары əлемнің 26 елінде 300-ден астам нысанды заңдастырған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мəлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда мүлікті жария ету қарқыны бойынша көш басында Алматы қаласы тұр екен. Алматы тұрғындары 459 млрд теңгенің мүлкін жариялаған. Жалпы құны 338 млрд теңгенің мүлкі жарияланған. Алматы облысы екінші орында жəне 57 млрд теңгенің мүлкін заңдастырған Астана қаласы үшінші орында екен.

"Шетелдегі мүлік бойынша, егер жыл басында жария етілген мүлік құны (38 объект) 1 млрд теңгені құраған болса, бүгінде бұл сома 16,6 млрд теңгеге дейін жетті. Ал объектілердің саны 300-ге жақындады. Яғни, жылдың басынан жария етілген объектілердің саны сегіз есеге, құны он алты есеге ұлғайды. Ал мүлік жария етілген шет елдердің саны 9-дан 26-ға дейін өсті", – деді Б.Сұлтанов.

Министр хабарлағандай, қазақстандықтар Аустрия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Виргин аралдары, Германия, Грузия, Испания, Италия, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Литва, БАӘ, Ресей, АҚШ, Сингапур, Тайланд, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Чехия, Швейцария, Украина, Франция, Оңтүстік Корея елдеріндегі мүліктерін заңдастырған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу