Қазақстандықтар 30 тамыз күні демалмайды – министр

215

Мерекелік күндер тізіміне 15 наурыз қосылады.

Қазақстандықтар 30 тамыз күні демалмайды – министр Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 30 тамызда демалыс болмайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"30 тамыз күні мемлекеттік мереке, демалыс күні болмайды. Бұл кәдімгі жұмыс күні болады", – деп жауап берді ведомство басшысы тілшілердің сауалына берген жауабында.

15 наурызда өткен республикалық референдумда жаңа Ата заң қабылданды. Осыған байланысты бұл күн Конституция күні болып белгіленген болатын.

Айта кету керек, бұған дейін министр ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру жоспары бар екенін айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу