Қазақстандықтар "7-20-25" арқылы 999 млрд теңгеге ипотека рәсімдеген

676

"7-20-25" бағдарламасы аясында бас-аяғы 73 161 қарыз берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандықтар "7-20-25" арқылы 999 млрд теңгеге ипотека рәсімдеген Фото: freepik

2024 жылғы 28 наурыздағы жағдай бойынша, "7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында 999 млрд теңгеге 73 161 несие берілген.

Ең көбі Астанада – 418,2 млрд теңге. Одан кейінгі орындарда 231,7 млрд теңгемен Алматы және 67,5 млрд теңгемен Шымкент тұр. 

"7-20-25" бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, Қазақстанның орнықтылық қорына + 7 (727) 227-20-25 нөміріне хабарласуға болады.

Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу