Қазақстандықтар 9 айда 13,2 мың алтын құймасын сатып алды

919

Құймаларды сатып алу бойынша өңірлер арасында көшбасшы – Алматы қаласы.

Қазақстандықтар 9 айда 13,2 мың алтын құймасын сатып алды

2020 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейінгі кезеңде жалпы ел тұрғындары екінші деңгейлі банктерден және банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 566,3 кг болатын 13 208 өлшеуіш құйманы сатып алды. Қыркүйек айында жалпы салмағы 65,2 кг болатын 1 480 өлшеуіш құйма сатылды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Алтын құймалары бес түрде ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында салмағы 10 г құйма ең көп сатып алынады. Сатудың жалпы көлемінен оның үлесі 25% – 8 701 дананы құрайды. Одан кейін 100 грамдық – 7 648 дана (22%), 5 грамдық – 6 414 дана (19%), 20 грамдық – 7 649  дана (22%), 50 грамдық – 4 276 дана (12%) тұр.

Құймаларды сатып алу бойынша өңірлер арасында көшбасшы – Алматы қаласы (сатылған құймалардың жалпы санынан 55%), одан кейін Атырау (14%), Нұр-Сұлтан (10%) және басқа өңірлер (21%) болды.

Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап жалпы салмағы 3,2 кг 119 өлшеуіш құйма кері сатып алуға қабылданды. Бұл алтын құймалардың инвестициялаудың және жинақты жинақтаудың ұзақ мерзімді құралы болып табылатындығына байланысты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі халық үшін тазартылған алтынның өлшемдік құймаларын сату және кері сатып алу бағдарламасын 2017 жылы іске қосты. Барлығы 2017 жылдан бастап жалпы салмағы 1,25 т құрайтын 34 688  өлшеуіш құйма сатылды.

Қазіргі кезде алтын құймаларын Halyk Bank-тен, Еуразиялық Банктен, Jýsan Bank-тен, Банк ЦентрКредиттен, сондай-ақ банктік емес айырбастау пункттерінен сатып алуға және оларға кері сатуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу