Қазақстандықтар айырбастау пунктеріне екінші жыл қатарынан долларды аз сатуда

958

Қазақстандықтар айырбастау пунктеріне екінші жыл қатарынан долларды аз сатуда

Халықтың валюта айырбастау пунктеріне сатқан АҚШ долларының көлемі 2017 жылы 5,9 млрд доллар болған, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 21,2%-ға  (1,6 млрд доллар) аз. Қазақстандықтар  айырбастау пунктеріне екінші жыл қатарынан долларды аз сатуда. Бір жыл бұрын бұл көлем 19,9%-ға (1,8 млрд доллар) азайған болатын.

Еуроға қатысты жағдай мүлдем басқаша. Халық оны былтырғы жылға қарағанда көп сатқан. Яғни оның көлемі +3,6%-ға (16,4 млн EUR) өсіп, 471 млн еуроға дейін жеткен. Бұған дейін айырбастау пунктерінің сатып алған еуровалюта көлемі екі жыл қатарынан 2016 жылы 19,8% -ға(112,2 млн EUR), 2015жылы - 2,6% -ға(15,1 млн EUR) қысқарған болатын.

2017 жылы айырбастау пунктеріне өткізілген рубльдің көлемі бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 8,7%-ға  (3,9 млрд RUB) артқан. Былтырғы жылы да өсу байқалған болатын.

Айырбастау пунктеріне халықтың өткізген долларларының көлемі 16 өңірдің 15-інде қысқарған.

Әсіресе, 2,9 млрд доллар сатқан алматылықтар бірінші орында тұр. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 9%-ға аз. Ал Алматының республикадағы үлесі 42,7%-дан 49,4%-ға өскен. Екінші орында Астана тұр. Елорда тұрғындары 1 млрд доллар сатқан. Қаланың республика бойынша үлесі 19,5%-дан 17,2%-ға қысқарған.

Өсу тек ОҚО-да ғана байқалған, яғни 0,2%-ға  (1,1 млн доллар), 481,6 млн долларға дейін жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу