Қазақстандықтар ақпан айында 82 келі алтын сатып алған

1036

Биылғы жылдың ақпан айында қазақстандықтар 2,5 мыңнан астам алтын құйма сатып алған, олардың жалпы салмағы 82 келі болды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Қазақстандықтар ақпан айында 82 келі алтын сатып алған

"Өткен айда 2 586 өлшенген алтын құймасы сатылды. Ең көп сатылған 10 грамдық алтын құйма.  Оның жалпы сатылымдағы үлесі 27% – 21 646 дана. Одан кейін орында 100 грамдық алтын құймалар – 17 491 дана (22%), 20 грамдық – 15 283 дана (19%), 5 грамдық – 14 239 дана (18%), 50 граммдық – 10 603 дана (14%). Алтын құймалар негізінен Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие болды", – деп жазылған Ұлттық банк хабарламасында. 

Еске сала кетсек, өлшенген алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы 2017 жылы басталған болатын. Іске қосылғаннан бері жалпы салмағы 2,9 тонна болатын 79 262 алтын құймасы сатылған.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу