Қазақстандықтар ақшасын шетел валютасында сақтаудан гөрі, жинақтай отырып сақтандыруды жөн көре бастаған

981

Халыққа депозит инфляциядан сақтануға керек, онымен капиталды ұлғайта алмайды. Алайда қазір депозиттер инфляцияны да жеңе алмайтын болды. Мысалы, 2021 жылғы қараша айының қорытындысы бойынша, инфляция 8,7% болса, сыйақы мөлшерлемесі 8,4% болған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеп.

Қазақстандықтар ақшасын шетел валютасында сақтаудан гөрі, жинақтай отырып сақтандыруды жөн көре бастаған

Валюталық салымдарға қызығушылық азайып барады. Мәселен, кейінгі жылы шетел валютасы салынған депозиттердің көлемі өзгерген жоқ. 2021 жылғы қарашаның соңында теңгелік баламада 3,99 трлн теңгені құрады.

Шетел валютасы салымдарының үлес салмағы барша салымның 43,65%-ынан 37,67%-ына дейін қысқарған. Бұл – 2006 жылдан бергі ең төмен көрсеткіш. Бес жыл бұрын олардың үлесі 67,85%-ды құраған болатын.

Алайда елдің қаржы нарығында депозитті алмастыратын, инфляциядан қорғап қана қоймай, оларды көбейтуге мүмкіндік беретін жаңа қаржы құралдары пайда болды. Олардың бірі – жинақтай отырып сақтандыру (накопительное страхование). 

Кейбір компания өмірді сақтандыру арқылы жинақты да ұлғайтуға мүмкіндік береді. Оған доллармен салым салу керек. Мұндай нұсқаларды елде 5 компания ұсынады. Қазақстандықтар көбінесе өздерін және жақындарын қауіпсіздендіруге ұмтылады.

Өмірді сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылардың көлемі алты жыл қатарынан өсіп келеді. 2021 жылы 2020 жылғы қаңтар – қарашамен салыстырғанда 2 есеге жуық, 158,61 млрд теңгеге дейін өсу байқалған. 

Жиналған сыйлықақылар көлемінің өсуі бірінші кезекте балаларға білім беру, біліктілігін арттыру, жылжымайтын мүлікті сатып алу және басқа да ұзақ мерзімге жоспарланған мақсаттарға қаражат жинауға мүмкіндігін береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу