Қазақстандықтар арасында қатерлі ісіктің қай түрі жиі кездеседі?

954

Былтыр елімізде қатерлі ісіктің 39 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталды. 

Қазақстандықтар арасында қатерлі ісіктің қай түрі жиі кездеседі? Фото: Галина Галкина

Бұл туралы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БАҚ өкілдері спикерден қатерлі ісікке шалдыққан қазақстандықтардың саны туралы сұрады.

"2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша есепте 127 мыңнан астам қазақстандық тұр. 2023 жылы 39 мыңнан астам жаңа жағдай анықталды. Жыл сайын 600-ден астам қатерлі ісікке шалдығады. Менің білуімше, 12 мыңға жуық бала есепте тұр", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы.

Оның сөзінше, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімнің төмендеуі байқалады. Егер 2022 жылы 13 мыңға жуық қазақстандық қайтыс болса, 2023 жылы 11 мың адам көз жұмды. Бұдан бөлек ісікті бірінші сатыда анықтау артқан.

"Сырқаттанушылық құрылымында бірінші орында сүт безі обыры, екінші орында – колоректальды обыр, үшінші орында өкпе обыры тұр. Одан кейінгі орында асқазан және жатыр мойны обыры орналасты. Өлім-жітім бойынша бірінші орында өкпе обыры тұр. Екінші орында – асқазан обыры, одан әрі колоректальды обыр, сүт безі обыры тұр", - деп толықтырды Диляра Қайдарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу