Қазақстандықтар балмұздақты көбірек жей бастады – Ресми статистика

Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросының сайты жазып отыр.    

Қазақстандықтар балмұздақты көбірек жей бастады – Ресми статистика Фото: vecteezy.com

2 ай бұрын ғана еліміз балмұздақ экспортында бұрын-соңды болмаған жетістікке жеткенін де жазған едік, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша, Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді. Өндірістің ең жоғары көлемі Алматы облысына тиесілі – 23,3 мың тонна немесе жалпы өндірістің 66,3%. Ірі өндірушілер қатарында Түркістан облысы (6,0 мың тонна), Алматы қаласы (1,3 мың тонна) және Ақмола облысы (1,1 мың тонна) бар.

Өндірілген өнімнің негізгі бөлігін кілегейлі балмұздақ (15,2 мың тонна) пен пломбир (14,3 мың тонна) құрады. Бұл жалпы өндіріс көлемінің 80% астамына тең, – делінген ресми ақпаратта. 

Жалпы, сыртқы сауда көрсеткіштері де оң серпін көрсетіп келеді. 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысында қазақстандық балмұздақ экспорты 6,4 мың тоннаны құрап, ақшалай көлемі 24,8 млн АҚШ долларына жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 46,4%, ал ақшалай мәнде 77,0% артық. 

– Сыртқы сауда сальдосы оң деңгейде қалыптасты: экспорт көлемі импорттан 2,9 мың тоннаға асып түсті. Экспорттың басым бөлігі (99,9%) ТМД елдеріне бағытталды. Негізгі өткізу нарығы – Ресей, оған 4,3 мың тонна өнім жөнелтілді. Сондай-ақ, Қырғызстанға экспорт – 68,4%, Өзбекстанға 27,7% өсті, – деп жазады Ұлттық статистика бюросының ресми сайты. 

Жаза кетейік, 2026 жылдың қаңтар-сәуірінде балмұздақ импорты 3,4 мың тоннаны құрап, ақшалай көлемі 12,9 млн АҚШ долларына жеткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу