Қазақстандықтар банкоматтан жарты жылда 12 триллион теңге алған

756

Банкоматан қолма-қол ақша алу көшін өңірлер арасында Алматы қаласы бастап тұр. 

Қазақстандықтар банкоматтан жарты жылда 12 триллион теңге алған

Қазақстандықтар банкоматтардан жарты жыл ішінде 12 триллион теңге қолма-қол ақша алған. Бұл ретте төлем карталары бойынша ақша алу үлесі 71,3 пайыздан 55,8 пайызға дейін қысқарды, деп хабарлайды 24.kz.

Банкоматан қолма-қол ақша алу көшін өңірлер арасында Алматы қаласы бастап тұр. Яғни алматылықтар 3,8 трлн теңге  шешкен. Одан кейін 1,6 трлн теңгемен Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Ал төлем карталары арқылы 1,4 трлн теңге қолма-қол ақша алу үштігін Түркістан облысы мен Шымкент қаласы түйіндеді.

Айта кету керек, елімізде барлығы 10 мың 300 банкомат жұмыс істеп тұр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу