Қазақстандықтар бейінді дәрігерлердің кеңесін қашықтан ала алады - бұйрық жобасы

313

Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларына толықтырулар әзірледі. 

Қазақстандықтар бейінді дәрігерлердің кеңесін қашықтан ала алады - бұйрық жобасы Фото: Azattyq Ruhy

Тиісті бұйрық жобасы “Ашық НҚА”  сайтында жарияланды.

Құжатқа бейінді мамандардың қашықтан кеңесі қосылды.

Оның ішінде терапевт, педиатр, хирург, акушер-гинеколог, оториноларинголог, стоматолог, кардиолог, пульмонолог, ревматолог, невропатолог, эндокринолог, аллерголог, гематолог және т.б. мамандар бар.

Түсіндірме құжатта көрсетілгендей, толықтырулар Мемлекет басшысының  "Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде дайындалған. Атап айтқанда, іс-шаралар жоспарының 101-тармағына сәйкес телемедицина арқылы орналасқан жері бойынша медициналық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту бойынша жұмыс жүргізу қажеттілігі атап көрсетілген.

Құжатты жария талқылау 25 сәуірге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу