Қазақстандықтар бір айда МӘМС-ке 34,2 млрд теңге аударды

990

11 млн қазақстандықтың жарнасы бюджет есебінен төленіп отыр.

Қазақстандықтар бір айда МӘМС-ке 34,2 млрд теңге аударды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне 17 млн қазақстандық енген. Оның ішінде 11 млн адамға жүйелік жарнаны мемлекет бюджеттен төлеп отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының" басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов осындай мәліметтер айтты. 

"2020 жылдың қаңтар айында МӘМС үшін жарна және аударымдар ретінде 34,2 млрд теңге аударылды. Оның 24 млрд теңгесі мемлекет есебінен түсті. Бұған дейін айтқанымыздай, 15 түрлі жеңілдікке ие тұрғындар үшін МӘМС жарнасы бюджет есебінен төленуде. 2020 жылға әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 1 258 медициналық ұйыммен келісімшарт жасады. Оның ішінде 657 медициналық ұйым мемлекеттік меншікте және 601-і жеке меншік иелігінде", – деді  Айбатыр Жұмағұлов.

Ол сондай-ақ әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енуі денсаулық сақтау саласының жылдық бюджетін 1,6 трлн теңгеге жеткізгенін де атады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу