Қазақстандықтар бөлшек саудаға 10 трлн теңге жұмсаған

869

Соңғы бес жылда бөлшек саудаға жұмсалған қаржы көлемі 80%-ға артқан.

Қазақстандықтар бөлшек саудаға 10 трлн теңге жұмсаған

Елімізде бөлшек сауда қарқынды түрде дамып келеді. 2019 жылдың қаңтар және қараша айлары аралығында тұрғындар шамамен 10 трлн теңге жұмсаған, деп хабарлайды FinReview.Info.

Әлемдік экономиканың қазіргі жай-күйі, әсіресе ірі нарықтардағы инфляцияның өсуі, қаржы-несие және қаржы саясатындағы өзгерістер, сондай-ақ валюта девальвациясы көптеген дамушы және дамыған елдер экономикасының өсуін баяулатуда. Экономикалық коллапс экспорт пен сыртқы инвестиция ағымдарына кері әсерін тигізеді. Салдарынан  өнеркәсіптік сектордың өндірістік қуаттылығы айтарлықтай қысқаруы мүмкін. Дегенмен қазір көтерме және бөлшек сауда әлеуеті өсуде,бұл дегеніңіз ішкі тұтыну нарығындағы жағдайдың жақсарғанын айғақтайды.

Соңғы бес жылда бөлшек саудаға жұмсалған қаржы көлемі 80%-ға артқан. Айта кететін жайт, 2015 жылғы желтоқсанға қарағанда бағалар 25,7%-ға қымбаттаған, ал халықтың тауарларды тұтынуы бойынша табысы 40,7%-ға өсті.

Ресми дерекке сүйенсек, бөлшек саудаға жұмсалған қаржының 68,2% өндірістік емес тауарлардың үлесіне тиесілі. Бұл ретте киім-кешек сатып алуға кеткен шығын көлемі жаңа көлік сатып алуға кеткен шығыннан екі есе артық. 2018 жылы қазақстандықтар киім-кешекке 963,7 млрд теңге, ал автокөлік сатып алуға 447,8 млрд теңге жұмсады.

Тауар ең көп сатылған қалалар: Алматы (31,2%), Нұрсұлтан (11,5%) , Қарағанды облысы (8,8%) және Шығыс Қазақстан (8,7%) облысы.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу