Қазақстандықтар цифрлық куәлікпен дауыс бере алады

566

Сайлау учаскелерінде цифрлық куәлікті пайдалануға болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.    

Қазақстандықтар цифрлық куәлікпен дауыс бере алады Фото: gov.kz

Қазіргі таңда eGov mobile қосымшасындағы "Цифрлық құжаттар" сервисінде 20 құжат орналасқан. Оның ішінде цифрлық жеке куәлік, ҚР азаматының цифрлық паспорты, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест, туу туралы куәлік және т.б. бар.

"Цифрлық құжаттың барлығын талап ету орны бойынша ұсынуға болады. Сондай-ақ, барлық сайлау учаскесінде сайлау күні цифрлық куәлікті де пайдалануға болады. Жыл соңына дейін "Сақтандыру полисі", "Нотариаттық құжаттар" және т. б. сияқты цифрлық құжаттарды шығару жоспарланып отыр", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу