Қазақстандықтар демалыс күндері карантинге қайта оралады

1037

Осы аптада ғана ашылған сауда үйлері, ойын-сауық, фитнес орталықтары, жабық базарлар мен сұлулық салондары екі күнге жұмыстарын тоқтатады.

Қазақстандықтар демалыс күндері карантинге қайта оралады

Алдағы демалыс күндері қазақстандықтар карантинге қайта оралады. 22 және 23 тамызда шектеулер күшейтіледі, деп хабарлайды Atameken Business.

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес бұл күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Ал, 65 жастан асқан тұрғындардың далада жүріп-тұруы шектеледі.

Осы аптада ғана ашылған сауда үйлері, ойын-сауық, фитнес орталықтары, жабық базарлар мен сұлулық салондары екі күнге жұмыстарын тоқтатады. Демалыс күндері тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмысына рұқсат етілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу