Салымшылардың теңгеге сенімі артып келеді

705

Салымшылардың теңгеге сенімі артып келеді

Сәуірдің соңында банктердегі депозиттер 17,1 трлн теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютамен депозиттер қаңтар-сәуірде 2,4%-ға, яғни 9,4 трлн теңгеге дейін өсті, шетел валютасымен - 8%-ға, 7,7 трлн теңгеге дейін төмендеді. Нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі сәуірде 45%-ға жетті. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Үкімет отырысында республикалық бюджеттің орындалуының 2018 жылғы 5 айдағы қорытындылары туралы сөзінде айтты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Ол банктердің кредиттері сәуірдің соңында 12,7 трлн теңге болғанын атап өтті. Олардың құрылымында ұлттық валютамен кредиттер қаңтар-сәуірде 1,3%-ға 9,5 трлн теңгеге дейін өсті, шетел валютасымен кредиттер 3,7%-ға 3,2 трлн теңгеге дейін төмендеді.

"Биыл төрт айда жаңа кредиттерді беру өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 27,7%-ға немесе 814,3 млрд теңгеге ұлғайды. Кәсіпорындардың теңгедегі кредиттері бойынша орташа ставка 2017 жылғы желтоқсандағы 13,2%-дан 2018 жылғы сәуірде 12,2%-ға дейін төмендеді. Бұл 2014 жылдың соңынан бері мөлшерлеменің ең төмен мәні",- деді Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу