Air Astana 15 шілдеден бастап Алматы - Дубай және Астана - Дубай бағыттары бойынша тұрақты рейстерді қайта орындай бастайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Әуе компаниясы аймақтағы жағдайды бақылауда ұстап, қажет болған жағдайда ұшу кестесіне өзгерістер енгізуі мүмкін. Жолаушыларға барлық өзгеріс туралы қосымша ақпарат беріледі", – делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.
Әуе компаниясы 12 шілде күні Таяу Шығыстағы жағдайдың күрделенуіне байланысты Дубайға ұшатын бірнеше рейсті уақытша тоқтатқан болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу