Қазақстандықтар екі айда алты мың көлікті утилизацияға тапсырды

888

Өтемақы сомасы өскен соң автоқоқысты тапсыратындар саны артты. 

Қазақстандықтар екі айда алты мың көлікті утилизацияға тапсырды

Жүруге жарамсыз көлік құралдарының утилизациясына берілетін өтемақы мөлшері 1 маусымда өзгерген. Қазір М1 (жеңіл көлік) категориясы айлық есептік көрсеткішпен есептеледі: 1-категориялы (толық жиынтық) көлікке 72 АЕК (200 016 теңге), 2-категориялыға (жарым жиынтық) — 54 АЕК (150 012 теңге) беріледі. 

"Оператора РОП" өкілдерінің айтуынша, пандемияға қарамастан утилизацияға машина тапсырғысы келетін адамдар саны өсуде. Орта есеппен отандастарымыз қабылдау нүктелеріне күн сайын 180–190 автомобиль тапсырады. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу