Қазақстандықтар енді емхананы кез келген уақытта ауыстыра алады

527

Елімізде емханаға тіркелу тәртібі өзгерді.  

Қазақстандықтар енді емхананы кез келген уақытта ауыстыра алады Фото: primeminister.kz

Бұған дейін емхананы 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында арнайы науқан кезінде ғана ауыстыруға болатын, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Енді азамат басқа емханаға ауысқысы келсе, белгілі бір айды күтудің қажеті жоқ. Медициналық ұйымды жылына бір рет кез келген уақытта өз қалауымен ауыстыруға мүмкіндік беріледі. Ол үшін емхананы ауыстыру себебін көрсету де талап етілмейді.

Сонымен қатар жаңа тәртіпте азаматтың меншік нысанына қарамастан бір ғана емханаға тіркелуі, медициналық ұйымдардың қызмет көрсету аумақтары және халықтың жекелеген санаттарын тіркеу ерекшеліктері нақтыланады.

Студенттер, курсанттар мен әскери қызметшілерді тіркеу тәртібі де жеке қарастырылған. Балалар мен жүкті әйелдерге медициналық көмектің қолжетімді болуы және патронаж қызметінің үздіксіз жүргізілуі үшін отбасылық және аумақтық қағидатқа басымдық беріледі.

Сондай-ақ елден тұрақты тұруға кеткен немесе хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды тіркеуден шығару тетігі қарастырылған.

Емханаға тіркелмес бұрын таңдаған клиниканың МӘМС жүйесі аясында алғашқы медициналық көмек көрсететін-көрсетпейтінін нақтылап алған жөн. Мұны медициналық ұйымның тіркеу бөлімі арқылы білуге болады.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, азаматтар емхананы жылына 1 рет ауыстыра алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу