Қазақстандықтар енді қай ұйымның қоңырау шалғанын телефон экранынан көре алады

663

Заңды тұлғалардан келетін қоңырауларды таңбалау енгізіліп жатыр.

Қазақстандықтар енді қай ұйымның қоңырау шалғанын телефон экранынан көре алады Фото: habr.com

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тағы бір мәселе – байланыс инфрақұрылымын қорғау жəне алаяқтықпен күрес.  

"Енді абоненттерді интернетке қосу жəне халықаралық IP-телефония қызметін көрсету үшін операторларға лицензия қажет. Байланыс операторларының Ұлттық Банктің Антифрод-орталығымен бірлесіп жұмыс істеу тəртібі бекітілді. Заңды тұлғалардан келетін қоңырауларды таңбалау енгізіліп жатыр. Қай ұйымның қоңырау шалып тұрғанын абонент телефон экранынан көре алады", – деді Жаслан Мәдиев.

Оның айтуынша, ұялы байланыс нөмірін тіркеу үшін абонент биометрия арқылы растаудан өтуі қажет. Мобильді құрылғыларды тексеру тəртібі де нақтыланған. IMEI коды бойынша тексеру елге заңсыз əкелінген телефондар мен коды өзгертілген құрылғыларды анықтауға көмектесетіні белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу