Қазақстандықтар енді медициналық қызмет алғанын QR-код арқылы растайды

229

Пилоттық жобаға Астана, Алматы қалаларының және Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдары қатысады.

Қазақстандықтар енді медициналық қызмет алғанын QR-код арқылы растайды Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда пациенттің QR-код арқылы медициналық қызмет алу фактісін растау жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Пациенттің QR-код арқылы медициналық қызмет алу фактісін растау жөніндегі пилоттық жобаны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып іске асырды.

"Пилоттық жобаға Астана, Алматы қалаларының және Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдары қатысады", делінген хабарламада.

Дәрігерге бару фактісін растау үшін қолданылатын QR растауы пациент пен денсаулық сақтау маманының арасындағы цифрлық өзара іс-қимылды орнату шеңберінде қауіпсіздік пен ашықтықты қамтамасыз етеді.

"Пациент емханаға egov mobile мобилдік қосымшасының көмегімен келіп, дәрігердің кабинетінде ұсынылған QR-кодты сканерлейді және оның келгенін растайды", деп хабарлады ДСМ.

Сондай-ақ QR-код арқылы пациент қажетті ақпаратпен - емхананың атауымен, медициналық ақпараттық жүйенің атауымен таныса алады, дәрігерге барған күні мен уақытын, дәрігердің тегі мен атын, медициналық қызмет көрсетуге өзінің келісімін және дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін көре алады.

"Азаматтың медициналық қызметті алу фактісін растаудың цифрлық құралы медициналық көмек көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етуге, пациенттің қанағаттанушылығын бағалауға және ең бастысы, пациент дәрігерге іс жүзінде бармаған кезде медициналық ақпараттық жүйелердегі "тіркеулерді" алып тастауға мүмкіндік береді", деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Өз кезегінде медициналық мекемелердің өздері бұл жүйені медициналық көмектің сапасын бақылау және келулерді бақылау үшін қолдана алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу