"Қазақстандықтар еркін таңдау жасай алады"

740

"Қазақстандағы сайлау демократиялық жолмен өтіп жатыр. Бұл – осы елдің бүгінге дейін қолжеткізген табыстарын айғақтайтын көрсеткіш", – дейді Еуропа Парламентінің депутаты Тьерри Мариани. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты. 

"Қазақстандықтар еркін таңдау жасай алады"

"Мен Қазақстанға жиі сапарлап келемін. Мемлекеттің бүгінге дейін қолжеткізген табыстары баршылық. Осы орайда Қазақстанның дамуына шексіз үлес қосқан Тұңғыш Президенттеріңіз Н.Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Қазақстанның демократиялық даму жолы сол кезеңнен бастау алады.Тәуелсіздікке бейбіт жолмен қол жеткізудің өзі – үлкен жетістік. Бүгінгі сайлаудың өтуі бұл елдегі азаматтардың еркін таңдау жасай алатынын көрсетеді", – дейді Тьерри Мариани.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу