Қазақстандықтар Индонезияға визасыз саяхаттай алады

317

Отандастарымыз бұл елде 30 күнге дейін жүре алады.  

Қазақстандықтар Индонезияға визасыз саяхаттай алады Фото: vtoroidom.com

Индонезияға барған кезде ақылы визаны рәсімдеу талабы жойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұрын әуежайға қонған бойда 33 доллар төлеп, құжат рәсімдеу міндетті болатын. Қазір аталған талап толық жойылды. Тек барар алдында электронды келу картасын толтырып алу қажет.

Индонезия осындай жеңілдік жасаған 19 елдің қатарына Қазақстанды да қосты. Бізден бөлек аталған тізімде Малайзия, Түркия, Сингапур, Бразилия және Беларусь сияқты мемлекеттер бар.

Индонезия билігі осы жеңілдік арқылы шетелдік туристер санын арттыруды көздейді. Биыл ел 17 миллионнан астам турист қабылдауды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу