Қазақстандықтар қандай пәтерлерді көбірек сатып алады?

946

Бір ай ішінде 6 және одан да көп бөлмелі 59 пәтер сатылды. 

Қазақстандықтар қандай пәтерлерді көбірек сатып алады?

Наурызда екі бөлмелі пәтерлер нарықта ең көп сұранысқа ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап. 

Бір айда транзакциялардың жалпы саны 20 мыңды құрады, бұл ақпан айымен салыстырғанда 48,8%-ға артық. Екінші орында жеке тұрғын үйлер 18 мың дерлік транзакция (+52,7%). Үшінші орында – бір бөлмелі пәтерлер (17,4 мың бірлік, +36,9%).

Наурызда Алматыда бір бөлмелі пәтерлер барлық транзакциялардың 45,3%-ын құрады.  Нұр-Сұлтанда – 39,1%. Орташа республикалық деңгей – 25,6%.

Екі бөлмелі пәтерлердің ең көп үлесі Қарағанды ​​облысында (барлық сатылымның 41,9%-ы, республика бойынша орташа көрсеткіштің 29,5%-ы).

Транзакциялар құрылымында жеке тұрғын үйлердің ең көп үлесі республиканың оңтүстігінде: Алматы (59,6%), Қызылорда (57,8%) және Түркістан (61,5%) облыстарында тіркелген.

Бір ай ішінде 6 және одан да көп бөлмелі 59 пәтер сатып алынды (ақпанда 43). Мәмілелердің көбі Алматыда (14) және Нұр-Сұлтанда (12) жасалды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу