Қазақстандықтар қандай ұялы телефон маркаларын таңдағанды жөн көреді?

1097

OLX берген мәліметке сүйенсек, 2021 жылы сайтта 755 423 смартфон сатылған. Хабарландыру сервисінде былтырғы жылға қарағанда сатылым 17%-ға өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстандықтар қандай ұялы телефон маркаларын таңдағанды жөн көреді?

Ең көп сатылатын брендтердің ТОП-5-і Apple (43%-дан астам), Samsung (29%-дан астам), Xiaomi (10%-дан астам), Huawei (5%-дан астам) және Nokia (сәйкесінше 1%-дан сәл артық) нарықтағы сөзсіз көшбасшылықты сақтап қалды. Сонымен бірге Apple және Xiaomi өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нарықтағы үлестерін сақтап, көбейтті. Ал Samsung, Huawei және Nokia сатылым динамикасын сақтағанымен, үлесін аздап жоғалтты.

Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерге сәйкес, Samsung, Huawei және Nokia-ның үлесі орта есеппен 1,5%-ға, басқа брендтердің сату үлесі 7%-дан асты. Аталған брендтердің үлестерінің едәуір бөлігі iPhone-ға кеткен болуы мүмкін.

2020 жылғы аналитика көрсеткендей, қараша-желтоқсан айларында жаңа жылдық мерекелер қарсаңында сатылған смартфондар саны жыл қорытындысы бойынша жалпы сатылымның 30%-ды құрады.

Осылайша, жаңа 2022 жыл қарсаңында қазақстандықтар сервистен 350 000 ұялы телефон сатып алады деп болжауға болады.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу