Қазақстандықтар қанша салық төледі?

1909

Бюджетке түскен қаржы көлемі 13%-ға артқан. 

Қазақстандықтар қанша салық төледі?

2019 жылдың қаңтар – қыркүйек аралығында мемлекеттік бюджет төлемдері мен салықтан 6,6 трлн теңге түскен. 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (5,8 трлн теңге) ел бюджетін толықтыраған қаржы көлемі 13,8%-ға артқан.  Соның ішінде 6,4 трлн теңге салықтан түскен. Ал бұл қаржының басым бөлігін тауарлар мен қызмет үшін төленетін ішкі салық құраған. Оған жалпы көрсеткіштің 39%-ы, яғни 2,5 трлн теңгесі тисілі.

Ал қазақстандықтардың табыс салығы 1,9 трлн теңгеге жетсе, халықаралық сауда мен сыртқы операциялардың нәтижесінде ел бюджеті  1,1 трлн теңгемен толыққан. Әлеуметтік салықтан 506,7 млрд теңге, мүлік салығынан 279,1 млрд теңге, заңды әрекет үшін міндетті төлемдерден  45,3 млрд теңге, өзге де салық түрлерінен 650,5 млн теңге түскен.

Ал салықтық емес төлемдер үш тоқсанның ішінде 161,4 млрд теңгені құрады. Оның ішінде мемлекеттік меншіктен 63 млрд теңге, айыппұлдар мен өсім пұлдардан 41,7 млрд теңге, мемлекеттік сатып алудан 103,1 млн теңге, гранттардан 321 мың теңге кіріс кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу