Қазақстандықтар қаңтарда БЖҚЗ-дан үй алуға 7,1 млрд теңге шешкен

428

 3 061 салымшының өтініші орындалды.    

Қазақстандықтар қаңтарда БЖҚЗ-дан үй алуға 7,1 млрд теңге шешкен Фото: osken-onir.kz

2023 жылдың қаңтар айында қазақстандықтардың шоттарына тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін БЖЗҚ-дан 7,1 млрд теңгеден астам зейнетақы жинақтары аударылды, деп жазады inbusiness.kz.

Біржолғы зейнетақы төлемінің орташа сомасы 2,3 млн теңгені құрады. Екі жыл ішінде (2021 жылғы қаңтардан бастап) 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ 1 348 461 өтінішті орындады. Мерзімінен бұрын алу сомасы 3,2 трлн теңгеге жақын көрсеткішке жеткен.

Отандастарымыз зейнетақы қорындағы артылған ақшаны үй сатып алудан бөлек, емделу үшін де жиі сұраған. Сонымен, 2023 жылғы қаңтарда 3,2 млрд теңгеге 2 537 өтініш орындалды. Емделуге алынған қаражаттың орташа сомасы шамамен 1,3 млн теңге.

Ал инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша бүкіл кезең ішінде 5 933 өтініш негізінде 8,8 млрд теңге аударылған. Бірегей өтініш берушілердің жалпы саны 3405 адам. Бұл жинақтарының бір бөлігін бірнеше басқарушы компанияларға беруге шешім қабылдаған салымшылардың бар екендігінің айғағы. Аударымның орташа сомасы – шамамен 1,5 млн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу