Қазақстандықтар қаржы ұйымдарына 6 триллион теңге қарыз

1353

6 триллион теңгенің 54 пайызы тұтынушылық несие есебінде алынған. 

Қазақстандықтар қаржы ұйымдарына 6 триллион теңге қарыз

6 триллион теңге! Қазақстандықтардың қаржы ұйымдары алдындағы  қарызы дәл осы мөлшерге жеткен.  Бұл 2017 жылмен салыстрғанда 15 пайызға жоғары көрсеткіш.

6 триллион теңгенің 54 пайызы тұтынушылық несие есебінде алынған.  Ал 2017 жылы оның пайыздық үлесі  50 пайызға жетер жетпес болған.

Мамандардың есебінше, берешектің бұлай көбейіп кетуіне микроқаржы орталықтарынан онлайн несие алу мүмкіндігі әсер етіпті. Мәселен шағын қаржы ұйымдарының халықты несиемен қаматамасыз етуі 4,6 пайыздан 5,2 пайызға ұлғайған. Ал онлайн берешек беру трендке айналғаны соншалық, бір жылдың ішінде оның көрсеткіші 0,8 пайыздан, 2,5 пайызға бірден өскен.  Ал екінші деңгейлі банктер 6 триллион теңгенің 92,2 пайызын халыққа үлестіріпті. 

Айта кетсек, банктер клиенттерінің  1 пайызын жоғалтқан.  Оған бірінші кезекте осы миркоқаржы ұйымдарымен онлайн несиелендіру  себеп. 

Бүгінде онлайн несиенің 1 күндік пайыздық ставкасы орта есеппен 0,21 пайызға тең деп атап өтті мамандар.  Сондай ақ мамандар ипотекалық несие мөлшері де артып келеді дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу