Қазақстандықтар кітап оқи ма?

899

ҚР Стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнамаға 2 000 адам қатысыпты. Олардың тең жартысы мүлдем кітап оқымайтынын айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстандықтар кітап оқи ма?

Саясаттанушы Антон Морозовтың айтуынша, Қазақстанның әрбір жиырмасыншы азаматы ғана күнде қағаз кітаппен уақыт өткізеді, ал әрбір оныншы респондент аптасына бірнеше рет кітап оқиды.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты өкілі: "Пандемия жағдайында өмір сүріп жатқан кезде кітаптың күшін оқшауланумен күресу, адамдар арасындағы байланысты нығайту, көкжиектерді кеңейту және интеллект пен шығармашылықты ынталандыру үшін пайдаланған дұрыс", – деп есептейді.  

Оның айтуынша, Ресей посткеңестік кеңістікте бірқатар көрсеткіштер бойынша (әдебиет шығару, оқу деңгейі және т.б.) көшбасшы болып қала береді. Қазақстан бұл жағынан артта келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу