Қазақстандықтар көлікті жаппай несиеге алып жатыр

547

Бұл туралы арнайы зерттеуде жазылған. 

Қазақстандықтар көлікті жаппай несиеге алып жатыр Фото: baq.kz

Осы жылдың алғашқы алты айында автонесие алуға берілген өтінімдер саны жылдық есеппен 54%-ға артып, 2,9 млн-ға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына сілтеме жасап.

Қауымдастықтың талдау орталығы биылғы бірінші жартыжылдықтағы автонесиелеу нарығына шолуын жариялады.

"Банктердің жалпы несие портфеліндегі автонесиенің үлесі 15,4%-ға жетті. Бұл автосалондардың белсенді жарнамалық кампаниялары, жеңілдікпен ұсынылған арнайы бағдарламалардың іске қосылуы, несие рәсімдеу процесінің цифрлануының қарқыны мен қарызды өтеу коэффициентін есептеу тәртібінің ерекшеленуінің арқасында болды", – делінген зерттеуде.

Алғашқы жарты жылда банктер 1,2 трлн теңге сомасына автонесиелер берген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 53%-ға артық. Автонесиенің халыққа берілген жаңа несиелердегі үлесі 8,8%-дан 13,2%-ға дейін өсті.

"Автонесиенің орташа сомасы 6,3 млн теңгеден 6,7 млн теңгеге дейін өсті (+5,7%), бұл елдегі көлік бағасының 11,1%-ға өсуімен байланысты. Орташа ай сайынғы төлем – 110,7 мың теңге, бұл былтырғымен салыстырғанда 8,1%-ға төмен. Мұндай нәтиже автонесиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің айтарлықтай төмендеуімен байланысты", – делінген ақпаратта.

Осы жылдың алғашқы алты айында автонесие алуға берілген өтінімдер саны жылдық есеппен 54%-ға артып, 2,9 млн-ға жетті. Қауымдастықтың жазуынша, несиеге сатып алынған автокөліктердің үлесі 36%-дан 59%-ға дейін өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу