Қазақстандықтар құрыған банктерге 9 млрд теңге қарыз

695

10 мың адам алаңсыз жүрген.

Қазақстандықтар құрыған банктерге 9 млрд теңге қарыз

LS порталының жазуынша, Qazaq Banki, Эксимбанк және Астана банкінен несие алған борышкерлер қаржы ұйымы таратылғаннан кейін арқаны кеңге салып, алған несиені аяғына дейін төлеуді ұмыт қалдырған. 

"Бастауыш несие бюросының мәліметі бойынша мерзімі өткен қарыздың көбі 90 күннен артық уақыт төленбеген.  Қазан айының басындағы дерекке сүйенсек, 10 мыңнан астам адамның жалпы қарызы 9,2 млрд теңге болған. Кейбір борышкерлер банк жұмысын тоқтатқаннан кейін несиені төлеудің қажеті жоқ екен деп ойлаған.  Олай етуге болмайды. Тіпті несие беруші ұйым таратылып жатса да, қаржылық міндеттеме соңына дейін орындалуы керек", – деп жазады LS. 

Қордаланған несиенің қиындығын борышкерлер өзге банктерден жаңа қарыз рәсімдеуге барған кезде біліп отырған.

"Жалпы Қазақстан бойынша 722,4 мың несие 90 күн бойы төленбеген. Қарыз көлемі 100 мың теңгеден асатын 847 мың адамның несиесі уақытында төленбеген", – делінген мақалада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу