Қазақстанда макарон өнімдеріне сұраныс артты

1688

Қазақстанда макарон өнімдеріне сұраныс артты

Биыл макарон өнімдерін тұтыну 13 пайызға артып, нан мен кондитерлік өнімдерді тұтыну 2 пайызға қысқарды, деп хабарлайды abctv.kz.

Finprom.kz мәліметі бойынша, осы жылдың тоғыз айында ішкі нарықта 567,9 мың тонна нан, торт пен өзге де кондитерлік өнім саудаланды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға аз.

Тәтті күлше мен кептірілген нанның тұтыну көлемін бір жыл бұрынғымен салыстырғанда биыл 0,7 пайызға көбейгені белгілі болды. Ал макарон өнімдерін тұтыну бірден 13,1 пайызға артып,134,6 мың тоннаға жетті.
Макаронға деген сұраныстың артуы оның бағасының аздап төмендігімен байланысты екен. Мысалы осы жылдың 10 айында нан бағасы 2,7 пайызға өссе, макарон өнімдерінің бағасы осы кезеңде 1,8 пайызға көтерілген. Ал ұннан жасалған кондитерлік өнімдер бағасы 10 айда 6,5 пайызға қымбаттады.

Макаронға деген сұраныстың артуына байланысты бұл өнімдердің импорты да өсті. 9 айда Қазақстанға 31,1 мың тонна макарон, лапша және осыған ұқсас өнімдер жеткізілген.

2016 жылдың тоғыз айындағы көрсеткішпен салыстыра қарағанда, импорт көлемі 45,8 пайызға дейін ұлғайып, еліміздегі макарон импортының үлесі 16,3 пайыздан 20,3 пайызға жетті. Отандық өндірушілер де өндіріс көлемін арттырып, бір жылда өндірілген өнім көлемі 11,1 пайызға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу