Қазақстандықтар Оман Сұлтандығына 1 сәуірден бастап визасыз бара алады

1440

Қазақстандықтар Оман Сұлтандығына 1 сәуірден бастап визасыз бара алады

1 сәуірден бастап Қазақстанның ұлттық паспорты бар азаматтар алдын ала туристік визаны рәсімдемей-ақ Оман Сұлтандығына 14 күн мерзімге бара алады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сыртқы саяси ведомствоның мәліметіне сенсек, ҚР азаматтары Оманға 14 күннен артық мерзімге баруды жоспарласа, онда тиісті санаттағы визаны ресімдеуі тиіс.

Айта кету керек, елде визасыз болу мерзімін ұзарту қарастырылмаған. Бұл қағиданы бұзу әр күн үшін 10 оман риалы (шамамен 26 АҚШ доллары) мөлшерінде ақшалай айыппұл салуға әкеп соғады.

Сонымен қатар COVID-19 пандемиясы аясында елде бірқатар шектеу шаралары қолданылатынына назар аудару керек. Осыған байланысты, бұл елге кіру қағидаларымен Оман әуежайының сайтында танысуға болады.

Бұған дейін Қазақстан азаматтарына туристік визасыз Оманға бару үшін паспортында АҚШ, Шенген келісімі елдерінің немесе Жапонияның қолданыстағы визасы болуы қажет еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу