Қазақстандықтар онлайн-саудаға 144,6 млрд теңге жұмсаған

987

2025 жылға қарай электронды сауда айналымы 1 трлн теңгеге жетеді деген де болжам бар. 

Қазақстандықтар онлайн-саудаға 144,6 млрд теңге жұмсаған

Қазақстандықтар онлайн-саудаға 144,6 млрд теңге жұмсаған. Бұл электронды сауда айналымы соңғы үш жылда екі есеге өскенін көрсетеді, деп хабарлады Atameken Business.

­­

Сарапшылардың сөзінше оң динамика биыл да сақталмақ. Тіпті 2025 жылға қарай электронды сауда айналымы 1 трлн теңгеге жетеді деген де болжам бар. Осылайша онлайн сауда үлесі жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,1 пайызды құрамақ.

Айта кетсек, қазір Қазақстанда 1700 ден астам интернет-дүкен жұмыс істейді. Сондай-ақ 20 шақты электронды сауда алаңы бар. Онда сауда-саттық жасайтын шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1 милионнан асады. Ал жалпы электронды сауда алаңындағы тауарлар мен қызметтерді тұтынушылардың саны 2,3 млн адамға жетіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу