Қазақстандықтар Оңтүстік Кореядан ай сайын 5 млрд теңгеге жуық ақша жібереді

1979

Ол елге заңсыз баратын қазақстандықтар саны азаймай тұр. 

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореядан ай сайын 5 млрд теңгеге жуық ақша жібереді

Жеке тұлғалардың Оңтүстік Кореядан Қазақстанға аударған ақшалары биылғы жылдың бес айында 26,5 млрд теңге немесе орташа есеппен алғанда ай сайын 5 млрд теңге болған. Бұл туралы Qazaqstan теларнасы хабарлады. 

"Биылғы жылдың бес айында жеке тұлғалардың ақша аударымдары бойынша Ресей бірінші орында тұрса, екінші орында Оңтүстік Корея тұр", – дейді Ұлттық банктің аға маманы Төлеген Тынышбаев. 

Телеарна тілшісі заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандық азаматпен байланысқа шыққан. Қазақстандық мигранттың айтуынша, ол зауытта жұмыс істейді және ай сайын үйіне 500 мың теңге жіберіп тұрады.

ҚР СІМ мен Кореяның көші-қон қызметінің күресіне қарамастан, заңсыз келетін қазақстандықтар саны азаймай тұр. "Жасыл дәліз" режимі жарияланғаннан кейін, Кореядағы қазақстандық мигранттар саны 1000 адамға азайған. Бірақ қазақстандықтар жұмыс іздеп әлі де келуде. 

Сондай-ақ еңбек көші-қон саласында бизнестің индустриясы қалыптасқан. Кеденнен өту, қарапайым турист бейнесін қалай жасауға болатынын үйрететін делдал компаниялар пайда болған. Телеарна тілшісі осындай делдалдармен сөйлесіп көрген. Олардың қызметі 200 мың теңге тұрады. 

Мұндай компаниялардың қызметі заңмен реттелмейді, сол себепті олар екі елдің заңын бұзушы болып саналмайды. ҚР СІМ көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Арман Саданов зардап шегуші азаматтар тарапынан шағым болмаса, мұндай делдалдарға қатысты тексеріс жүргізе алмайтынын айтты. Сондай-ақ делдал компаниялар соңғы кезде G-1 (босқын) визасына жиі құжат өткізетін болған. Бұл өтініш берушіге құжат қаралып жатқанда кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу