Қазақстандықтар өткен айда рекордтық көлемде доллар сатып алды

73

Қазанда қазақстандықтардың қолма-қол доллар сатып алу белсенділігі айтарлықтай өсті.  

Қазақстандықтар өткен айда рекордтық көлемде доллар сатып алды Фото: egemen.kz

Ұлттық банктің дерегінше, қаржы-кредит бюросы қазан айында айырбастау орындарындағы нетто-сатылым көлемі 232,8 миллиард теңгеге жеткенін мәлімдеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бір айдың ішінде ақша айырбастау орындары долларды сатып алғаннан гөрі осынша сомаға сатты. Көрсеткіш бір айда 2,2 есе, бір жыл ішінде 36,9 процентке өсіп отыр.

Талдаушылардың айтуынша, нетто-сатылымның күрт ұлғаюына негізгі себеп – теңгенің долларға қатысты нығаюы.

1 қазаннан 1 қарашаға дейін ұлттық валюта 3,4 процентке күшейіп, доллар курсы 530,47 теңгеге дейін төмендеді.

Теңгенің бұл жолы ай басынан нығайып, бүкіл қазан бойы жалғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу