Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады

634

6 шілде Астана күні атап өтіледі.

Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады Фото: freepik

Биыл шілдеде қазақстандықтар демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, 9 күн демалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл Астана күні жексенбіге түсіп тұр, сондықтан демалыс күні дүйсенбіге, 7 шілдеге ауыстырылады. Бұл қазақстандықтарға ұзақ демалуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл алты күндік жұмыс кестесімен істейтіндерге де қатысты.

Демалыс кестесі:

- Бес күндік жұмыс аптасы: демалыс күндері – 5, 6 және 7 шілде;

- Алты күндік жұмыс аптасы: 5 шілде – жұмыс күні, 6 және 7 шілде – демалыс.

Шілде айында кәсіби және басқа да мерекелер бар. Бұл күндер жұмыс күндері болса да, олар аталып өтіп, тиісті сала қызметкерлері құттықталады.

Кәсіби мерекелер тізімі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 480 бұйрығына сәйкес жарияланған және ол алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу