Қазақстандықтар тауарларын енді Amazon платформасында сатылады

733

Енді қазақстандықтар тауарларын Amazon платформасында  емін-еркін сата алады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қазақстандықтар тауарларын енді Amazon платформасында  сатылады

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов фейсбуктегі парақшасында сүйіншілетіп, осындай жаңалықпен бөлісті. Оған қарағанда, америкалық ірі электронды-коммерциялық платформа ауқымын кеңейтіп, тізімге Орта Азия елдерін кіргізген. Қазақстаннан бөлек онда тікелеу құқығына Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан ие болып отыр. Әрине, мұнда Amazon резиденттері бірнеше шартты орындауы қажет. Соның бірі – тіркеуге берілген телефон халықаралық төлем картасына бекітілген болуы шарт. Бұған дейін Қазақстанның аталмыш платформаға қосылу өтініші қабылданбай келгені белгілі. Amazon – бұл 1994 жылы АҚШ-та тіркелген ең ірі электронды-коммерциялық сауда-саттық алаңы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу