Қазақстандықтар үш айда 21 мың тоннадан артық балмұздақ жеді

2231

І-тоқсанда 7 мың 254 тонна балмұздақ сырттан тасып әкелінген.

Қазақстандықтар үш айда 21 мың тоннадан артық балмұздақ жеді

Қазақстандықтар тек биылғы бірінші тоқсанда ғана шамамен 21 мың тоннадан артық балмұздақ жеген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметіне жүгінсек, еліміздің ішкі нарығында тәттінің осы түрі осынша көлемде сатылыпты. Әрине, оның үлкен бөлігі – шетелдік, соның ішінде ресейлік өнімдер. Атап айтқанда, биылғы үш ай ішінде 7 мың 254 тонна балмұздақ сырттан тасып әкелінген.

Дегенмен кейінгі жылдары бұл бизнес жақсы қарқын алды. Нәтижесінде, 2019 жылғы І тоқсанда отандық кәсіпорындар шамамен 14 мың 880 тонна "тәтті мұз" өндірген. Оның шамамен 963 тоннасы жаһандық нарыққа сатылған.

Бұл ретте қазақстандық кәсіпорындардың балмұздақ өнімдерін шығару көлемін 21 тоннаға дейін жеткізуге ресурстары бар көрінеді. Яғни, ішкі сұранысты толық жаба алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу