Қазақстандықтар үшін айыппұл мөлшері өзгерді

422

2024 жылы АЕК 3692 теңгеге дейін өсті. 

Қазақстандықтар үшін айыппұл мөлшері өзгерді Фото: inbusiness.kz

2024 жылы қазақстандықтар үшін айыппұл мөлшері қалай өзгеретіні белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жол ережесін бұзғаны үшін

2024 жылы автомобиль қозғалысының жылдамдығын 10-20 шақырымға арттырғаны үшін айыппұл 5 АЕК немесе 18 460 теңгені құрайды. Жылдамдықтың сағатына 20-40 шақырымға артуы 10 АЕК немесе 36 920 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырғаны үшін 20 АЕК немесе 73 840 айыппұл салынады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жылдамдықты қайта арттыру 30 АЕК немесе 110 760 теңге айыппұлмен жазаланады.

Автокөлікті басқаруға мүмкіндік беретін төлқұжаты жоқ жүргізушіге 20 АЕК немесе 73 840 теңге айыппұл көзделген. Көлік құралын басқару құқығынан айырылғандар үшін көлік жүргізу 50 АЕК немесе 184 600 теңге айыппұл салуға не 20 тәулікке қамауға алуға  әкеледі. 

Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл қазір 11 076 теңгені құрайды - 3 АЕК.

Бағдаршамның тыйым салу сигналына немесе реттеушінің тыйым салу қимылына қарамастан қозғалысты бастау 10 АЕК немесе 36 920 теңге айыппұл салуға әкеп соғады. Қайта құқық бұзушылық айыппұлды 15 АЕК-ке дейін немесе 55 380 теңгеге дейін арттырады.

Жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиектерімен немесе тротуарлармен жүру 15 АЕК - 55 380 теңге айыппұл салуды көздейді.

ӘҚБтК-нің басқа баптарымен жауапкершілік белгіленген жағдайлардан басқа, тоқтау немесе тұрақ қағидаларын бұзу 5 АЕК немесе 18 460 теңге айыппұл салуды көздейді. Тротуарда, гүлзарларда, балалар және спорт алаңдарында тұрақ, сондай-ақ басқа да автомобильдердің жүруіне кедергі болған жүріс бөлігіндегі тұрақ үшін айыппұл 10 АЕК — 36 920 теңгеге дейін өсті. Ақылы тұрақ үшін төлеуден жалтару 3 АЕК немесе 11 076 теңге айыппұл салуға әкеледі.

Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны, қауіпсіздік белбеуі бекітілмеген және жүргізушілердің рульінде телефонды пайдаланғаны үшін 5 АЕК айыппұлмен жазаланады — бұл 18 460 теңге.

Жаяу жүргіншілер үшін

Жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысына өзге де қатысушылардың ЖҚЕ талаптарын орындамауы 7 384 теңге - 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бір жыл ішінде қайта ереже бұзсаңыз айыппұл бірден 10 АЕК-ке немесе 36 920 теңгеге дейін артады. 

Басқа да айыппұл түрлері

Полиция қызметкерлері мен тергеушілердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың заңды өкімдеріне бағынбайтындар немесе олардың жұмысына кедергі келтіретіндер үшін айыппұл - 30 АЕК - 110 700 теңге немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

Қоғамдық орында түкіргені үшін, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде қоқыс лақтырғаны үшін бірінші рет 5 АЕК-ке немесе 18 460 теңге және қайта қайталанса 10 АЕК-ке немесе 36 920 теңге көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу