Қазақстандықтар үшін желтоқсан шығыны ең көп ай

487

Орта есеппен желтоқсан айында бөлшек саудада жасалатын сауда-саттықтың көлемі қаңтар айымен салыстырғанда 93%-ға, яғни екі есеге артық болады екен. "DATA metrics" тәуелсіз сарапшылары соңғы он жылдағы бөлшек сауда көлеміне талдау жасады, деп жазады inbusiness.kz.  

Қазақстандықтар үшін желтоқсан шығыны ең көп ай Фото: kstnews.kz

Желтоқсан айынан кейінгі шығыны мол айлар тамыз бен қыркүйек. Сарапшылардың мәліметінше, бұл үрдіс талдау жүргізілген 10 жыл бойы сақталып келеді.

Желтоқсан айында жаңа жыл мерекесін тойланады. Сондықтан азық-түлік, сыйлық сатып алу көлемі артатындықтан тұтыну тауарларының бағасы да қымбаттайды. Ал тамыз бен қыркүйекте шығындар балаларды сабаққа әзірлеу және күзге жаңа киім алумен байланысты ұлғаяды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу