Қазақстандықтар визасыз 39 елге ғана бара алады

698

Паспорт күші бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 97-орынның ішінде 53-орынға тұрақтады. 

Қазақстандықтар визасыз 39 елге ғана бара алады Фото: Петропавловск News

Рейтингке барлығы 193 ел қатысты, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Еліміздің индексі – 91. Қазақстандық паспорты бар азаматтар визасыз 39 елге бара алады, тағы 52 елде келгеннен кейін виза алуына болады. Тағы 107 елде қазақстандықтарға виза қажет.

Әлемдегі ең ықпалды төлқұжат БАӘ азаматтарында. Олар 125 елге визасыз бара алады, тағы 55 елде визаны келгеннен кейін алуына болады. Ал, 18 елде ғана виза қажет.

Рейтингтің ортасында, яғни 45-орында 101 индексімен Шығыс Тимор мен Бахрейн орналасты.

ТМД елдері арасында Қазақстан паспорты Украина*, Ресей, Молдова және Беларусь паспорттарына жол береді. Ал, біздің паспорт Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан паспорттарына қарағанда әлдеқайда күштірек.

Биылғы бірінші тоқсанда Қазақстанға 7,7 мың адам келді. Бұл былтырғыға қарағанда 87%-ға артық. Оның ішінде республика қалаларына 5,5 мың адам, ауылдарға 2,2 мың адам келді.

Өз кезегінде елден 2,7 мың адам кетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 49,6 пайызға аз. Оның ішінде қалаларда кеткендер саны 2 мыңға дейін, ауылдарда  620 адамға дейін қысқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу