Қазақстандықтар зейнетақы қорынан бір айда шамамен 11 млрд теңге алды

498

Тиісті ақпарат Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасында https://t.me/DataHub_FCBK/1422 жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстандықтар зейнетақы қорынан бір айда шамамен 11 млрд теңге алды Фото: Егемен Қазақстан

БЖЗҚ мәліметінше, 2023 жылғы ақпан айында зейнетақы қорынан алынған зейнетақы жинақтарының сомасы 11 млрд теңгені құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 0,6 млрд теңгеге артық.

"Барлық қаржының үштен екісі тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсалды: 7,5 млрд теңге (3,4 мың өтініш орындалды). Олардың басым бөлігі тұрғын үй сатып алу кезінде толық есеп айырысуға кетті (4,6 млрд теңге). Нысаналы депозиттерді толықтыруға – 1,1 млрд теңге, ипотеканы ішінара немесе толық өтеуге – 1,1 млрд теңге, бастапқы жарнаны енгізуге және ипотека алуға 469 млн теңге бағытталды. Тағы 146 млн теңге басқа мақсаттарға жұмсалды", - делінген хабарламада.

Салымшылар емделуге ақы төлеу мақсатында 3,5 млрд теңгені өз шоттарынан шешіп алды (2,8 мың өтініш орындалды). Ақшаның басым бөлігін тіс дәрігерлеріне беруге жұмсаған. 

Алынған қаражаттың аз ғана бөлігі басқарушы компанияларға аударылды: 26 млн теңге (10 өтініш орындалды).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу