Құжатқа сәйкес, еңбек даулары бойынша сотқа жүгінудің бір жылдық мерзімі өтіп кетсе де, қызметкердің жалақы қарызын талап ету құқығы сақталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мұндай жағдайда Азаматтық кодексте белгіленген 3 жылдық талап қою мерзімі қолданылады. Бұл тәртіп негізгі жалақыға ғана емес, үстеме жұмыс үшін төленуге тиіс ақыға және еңбекке байланысты өзге де міндетті төлемдерге қатысты.
"Еңбек даулары бойынша сотқа жүгінудің бір жылдық мерзімінің белгіленуі, егер жұмыс беруші тиісті сомаларды төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамаған болса, қызметкердің Азаматтық кодекстің 178-бабында көзделген тәртіппен талап қоюдың жалпы үш жылдық мерзімі шегінде өзіне тиесілі жалақыны және еңбекке ақы төлеуге байланысты өзге де міндетті төлемдерді, оның ішінде үстеме жұмыс үшін төлемді өндіріп алуды талап ету құқығына кедергі келтірмейді", – деп түсіндірді Конституциялық сот.
Яғни, жұмыс беруші төлем жасау міндетін орындамаса, қызметкер мерзімнің өтуіне байланысты еңбекақысын өндіріп алу құқығынан айырылмауы тиіс.